21-ші Қазақстандық Халықаралық «Жол және Өнеркәсіптік құрылыс, Коммуналдық техника» көрмесі

21-ші Қазақстандық Халықаралық «Жол және Өнеркәсіптік құрылыс, Коммуналдық техника» көрмесі

ПАНДЕМИЯДАН КЕЙІНГІ ЖЫЛЫ MININIG & METALS CA КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУ – БҰЛ ҚАТЫСУШЫЛАР СЕНІМІНІҢ КӨРСЕТКІШІ.

29 қыркүйектен бастап 26-шы Орталық-Азиялық  Халықаралық «Тау - кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру және байыту»  - Mining and Metals Central Asia 2021көрмесі өтеді.  Неліктен бұл көрме пандемия кезінде өзекті болып отыр?

Жалпы көрмелер мен ТМК секторының іс-шаралары бүгіндері  пандемияға байланысты мәжбүрлі үзілістен кейін жандана бастауда.

2 news

Іс-шараларға деген қызығушылық өте жоғары. Шетелдік азаматтар үшін виза алуға және кіруге рұқсат алуға қатысты кейбір шектеулер әлі де бар, бірақ тұтастай алғанда, бизнес-іс-шаралар индустриясы өзінің өрлеу кезеңін бастан өткеруде деп сеніммен айта аламыз.

Біздің өмірімізге COVID 19 және онымен байланысты шектеулер келмес бұрын, цифрландыру уақыты келді, іс-шаралар мен кездесулерді цифрлық, онлайн форматқа ауыстыру керек деген көптеген әңгімелер мен пікірталастар болған еді, бірақ бұл іске бәріміз  мәжбүрлі  болған кезде, тәжірибе көрсеткендей, онлайн формат ешқашан жеке кездесулер мен бетпе-бет келіссөздерді алмастыра алмайтынына көз жеткіздік. Біз көрмелер мен конференцияларды ұйымдастырушылар ретінде жетекші әлемдік көрме компанияларының өз бизнесін қалай жүргізетінін мұқият бақыладық. Олар сияқты біз де көрмелерді онлайн форматта өткізу мүлдем тиімсіз деген қорытындыға келдік. Тек конференциялық іс-шаралар, түрлі оқыту семинарлары, тұсаукесерлер, сондай-ақ шағын кездесулер ғана айтарлықтай  нәтижелі өтті.

Соған қарамастан, біздің компания жаңа  қалыптасқан жағдайларға сәтті бейімделіп, нарықтың жетекші ойыншыларының қатысуымен барлық салалар бойынша онлайн конференциялар өткізді. Бірақ, әрбір онлайн кездесуден кейін оның барлық қатысушылары қоштасып, бір-біріне келесі кездесуді міндетті түрде бетпе-бет өткізуді қалағандарын  атап өткім келеді.

ТМК секторына келетін болсақ, бүгінде экономиканың бұл  саласы Қазақстан Республикасы үшін стратегиялық маңызға ие, жалпы алғанда, ел өнеркәсібінің флагмандарының бірі болып табылады және мемлекеттік аппараттың көптеген беделді спикерлерінің мәлімдеуінше, тұрақты дамуды көрсете отырып, пандемия зардаптарын барынша сәтті еңсеруде.

Қазақстанның   үлкен ТМК қоғамдастығының баршасы  Mining and Metals CA көрмесінің ашылуын асыға күтіп отырғаны белгілі, оның шеңберінде республиканың ірі тау-кен өндіруші және тау-кен өңдеуші кәсіпорындары өз серіктестерімен және клиенттерімен кездесіп, ТМК секторына арналған жаңа жабдықтарды, технологиялар мен шешімдерді көре алады.

Көрме жұмыс істеп жатқан 25 жыл ішінде кеншілер мен олардың серіктестері әдеттегідей қыркүйек айында Алматы қаласында кездесуге үйренгендері  соншалық, өткен жылы біз көрме болмаған кезде бизнес және ынтымақтастық бойынша көптеген мәселелер шешілмей жатыр  деп шағымданған серіктестерден жүзге жуық қоңыраулар мен хаттар алдық. Биылғы көрме барлығына  осы олқылықтың орнын толтыруға, сондай-ақ болашақ серіктестіктің іргетасын қалауға мүмкіндік береді деп үміттенеміз.

2) Көрмеге қанша компания қатысады (100 компания)? Ірі компаниялардың үлесі қандай (%- бен алғанда), шараға қатысатын ТМК секторының 2-3 ірі компаниясын атай аласызба?

Биылғы жылы көрмеге 150 компания қатысуда, олардың 30% саланың көшбасшылары. Sandvik Mining, FLSMidth, Камаз, Sever Minerals және басқа да көптеген атауларды  келтіруге  болады. Сонымен қатар, көрмеге ERG, KazMinerals, Полиметал Еуразия, Қазақмыс, Кумтор Голд компанияларының  делегациялары - Орталық  Азия ТМК секторының негізгі ойыншылары қатысты.

3) Көрмеде қай елдердің  қатысушылары болады? Қай елдерден келген қатысушылардың стендтері ең көп  деңгейде ұсынылады?

Биыл көрмеге 15 елдің компаниялары қатысуда. Кегісі  келгендердің  көбісі   өз мемлекеттеріндегі карантиндік шектеулерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағына  кіру  қиындықтарына байланысты келе алмады. Әдетте, іс-шараға әлемнің 25 елінің кәсіпорындары қатысады.

4) Mining and Metals Central Asia 2021 көрмесі ТМК секторы нарығының ойыншылары үшін неліктен қызықты болады? Семинарлардың дөңгелек үстелдері кезінде қандай тақырыптарды көтеру жоспарлануда, олар неге өзекті, қызықты?

ТМК секторы көрмеде  келесідей үлгіде ұсынылған. Бүкіл әлем бойынша жабдықтарды, қызметтерді, әртүрлі инженерлік шешімдерді өндірушілер мен дистрибьюторлар стендтермен көрмеге қатысады. Бұл оларға өз өнімдерінің артықшылықтарын нақты және егжей-тегжейлі көрсетуге және келіссөздер жүргізуге мүмкіндік береді. Ал осы қызметтерді тұтынушылар-елдің тау-кен өндіруші және тау-кен өңдеуші кәсіпорындары іс-шараға келушілер болып табылады. Стендтен стендке, экспозициядан экспозицияға ауыса отырып, олар ұсынылатын жабдықтар мен қызметтер туралы неғұрлым толық көрініс алуға, сатып алу және жеткізу мәселелері бойынша, сондай-ақ сервис және жөндеу мәселелері бойынша әзірлеушілермен және өндірушілермен тікелей сөйлесуге мүмкіндік алады.

Іс-шара шеңберіндегі  дөңгелек үстелдер жұмысы  аясында Индустрия 4.0 мәселелерін талқылау жоспарлануда,  себебі оның таяу жылдары бастау алары  сөзсіз. Бұл одан әрі цифрландыру, зияткерлік жабдықтарды  енгізу, ақылды  автоматтандыру және роботтандыру дәуірін білдіреді. Көрме шеңберіндегі дөңгелек үстелдер мен семинарлар дәл осыған арналған, сондай-ақ көптеген компаниялар өз стендтерінде  бұл сұраққа көп уақыт пен көңіл бөледі және инновациялар мәселелерінде өз әзірлемелерін ұсынады.

julia

5) Iteca бірнеше жыл бойы Mining and Metals Central Asia көрмесін ұйымдастырып келеді. 3-5 жылда көрмеге қатысушылар саны, қатысушы елдер саны қалай өзгерді? Соңғы 3-5 жылда трендтер қалай өзгерді, осы туралы айтып берсеңіз?

Біздің компания көрмені 25 жылдан астам уақыт бойы ұйымдастырып келеді, мұндай мерзім өте маңызды көрсеткіш болып табылады. Біздің елімізде тұрақты, ұзақ уақыт бойы өмір сүріп келе жатқан  және Тәуелсіздіктің құрдасы болып табылатын бизнес көп емес. Осы уақыт ішінде іс-шара көшбасшылар үшін де, сала бастаушылары үшін де кездесулер, келіссөздер жүргізу үшін ең ірі, беделді және тиімді алаң атағына ие болды. Көптеген ірі компаниялар үшін бұл көрмеге қатысу «әдеттегі бойынша» маркетингтік бюджетке енгізілгенін білеміз. Бұл қатысушылардың іс-шараны ұйымдастырушыларға деген сенімінің көрсеткіші. Ал біз, ұйымдастырушылар ретінде, өз кезегімізде осындай қарым-қатынасты барынша бағалап, жылдан жылға қызметімізді жақсартуға тырысамыз. Жоғарыда айтқанымдай, соңғы жылдары тұтынушының  өз бизнесі  үшін инновациялық, тиімді сонымен бірге қатты қымбат емес өнімдерге сұранысы артып келеді, бірақ бизнес өз кезегінде осы сұраныстарға мүмкіндігінше сәйкес келуге тырысуда. Бұдан бөлек , біз  ірі шетелдік корпорациялардың көрме  арқылы  өздеріне Қазақстанда әріптестер тауып, бірлескен кәсіпорындар мен Республика үшін жаңа жұмыс орындарын құрып жатқанына  куә болдық, бұл да қуантарлық жайт.

6) Өткен көрмелерді өткізу тәжірибесі туралы айтып берсеңіз, қандай да бір меморандумдар, келісімдер жасалды ма? Биылғы жылы сіздер  осындай мәмілелерді күтесіз дер деп ойлаймын.

Біздің іс-шаралар  қоржынында ТМК секторы үшін бірден екі маңызды бизнес-іс-шара бар, олар: Mining&Metals CA көрмесі және «Astana Mining & Metallurgy» Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі. Биыл АММ Конгресі дәстүрлі түрде 20-21 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Өзінің даму жылдарында АММ Конгресі құқық бойынша басты салалық алаңға айналды, London Stock Exchange басшыларының АММ-ға келуінің арқасында тау-кен компанияларының Биржамен ынтымақтастығы жолға қойылды, 2016 жылы АММ-да қазақстандық тараптың CRIRSCO құрамына ресми қабылдануы өтті, бұл қазақстандық стандарттарды танымды етуді  және елдің минералдық-шикізат саласының рейтингін арттыруды білдіреді, бұдан бөлек экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Болат комитетімен кездесулер мен келіссөздер өткізілді. Бұл келісімдер, әрине, саланың одан әрі дамуына серпін беріп, оны инвестициялар үшін бұрынғыдан  да қызықты ете түсуде.

Mining&Metals CA  көрмесі  де өзінің 25 жылдық жұмысы ішінде  керемет статистика  көрсетуде:

25 ЖЫЛ

7000 КОМПАНИЯ

40 ЕЛ

50 000  КЕЛУШІ МАМАН

3000-НАН АСТАМ  КЕЛІСІМ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАРЛЫҚ КЕН ОРЫНДАРЫ МЕН ТМК ӨНДІРІСТЕРІ көрме қатысушыларының жабдықтарымен және технологияларымен жабдықталған.

Жоғарыда айтылғандардан көріп отырғанымыздай, көрмелер - бұл республиканың ТМК кәсіпорындары мен олардың серіктестері - бүкіл әлем бойынша  жабдықтар мен қызметтердің негізгі жеткізушілері арасындағы ынтымақтастық тізбегіндегі өте маңызды буыны. Біз шын жүректен, бұл болашақта солай болады деп үміттенеміз, және біздің компания  одан әрі  Қазақстан Республикасының игілігі мен дамуы үшін жұмыс істейтін болады.