21-ші Қазақстандық Халықаралық «Жол және Өнеркәсіптік құрылыс, Коммуналдық техника» көрмесі

21-ші Қазақстандық Халықаралық «Жол және Өнеркәсіптік құрылыс, Коммуналдық техника» көрмесі

Kazcomak 2025

21-ші Қазақстандық Халықаралық «Жол және Өнеркәсіптік құрылыс, Коммуналдық техника» көрмесі

Сіздерді 2025 жылғы 17-19 қыркүйек аралығында Алматы қаласында "Атакент" ҚIЫО-да өтетін «Жол және Өнеркәсіптік құрылыс, Коммуналдық техника» Kazcomak 2025 21-ші Қазақстандық халықаралық көрмесіне шақырамыз.

Kazcomak – жыл сайын өз алаңында карьерлерді игеруге арналған техника және жабдық өндірумен, асфальт өндірумен, өнеркәсіптік объекттердің, жол және тұрғын үй-коммуналдық құрылысымен, жол жөндеу жұмыстарымен айналысатын халықаралық және отандық жетекші компанияларды жинайтын Қазақстандық ірі мамандандырылған көрме.


Kazcomak көрмесі қатысушыларға бүкіл әлемнен келген кәсіпқойлармен кездесуге және Қазақстанда бизнесті дамытуға арналған мүмкіндіктермен жақыннан танысуға бірегей мүмкіндік ұсынады. Kazcomak көрмесінің қосымша артықшылығы, өз алаңында әлемнің 28-дан астам елінен кен өндіру және тау-кен өңдеу салаларының өкілдерін, жабдық өндірісшілерін, мамандарын жинайтын Орта Азияның ірі көрмесі – Mining & Metals Central AsiaТау-кен жабдығы, кен мен минералды өндіру және байыту көрмесімен қатар өтуінде болып табылады.


КӨРМЕ БӨЛІМДЕРІ:

  • Асфальт бетондық зауыттар
  • Жол-құрылыстық техника
  • Коммуналдық техника
  • Экскаваторлар, грейдерлер, бульдозерлер, тракторлар
  • Техника және жабдыққа арналған қосалқы бөлшектер және құрамдастар
  • Гидравликалық және пневматикалық жабдық
  • Жобалау және құрылыс
  • Жол жөндеу және күтіміне арналған техника мен материалдар