21-ші Қазақстандық Халықаралық «Жол және Өнеркәсіптік құрылыс, Коммуналдық техника» көрмесі

21-ші Қазақстандық Халықаралық «Жол және Өнеркәсіптік құрылыс, Коммуналдық техника» көрмесі

MINING AND METALS CENTRAL ASIA 2021: ТМК ЖҰМЫСЫНЫҢ ӨНІМДІЛІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ КІЛТІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДА.

Осы аптада, 29 қыркүйек күні, Алматы қаласының  «Атакент»  көрме орталығында бірден екі ірі салалық экспо-іс-шара өз жұмысын бастайды: 26-шы Орталық-Азиялық халықаралық «Тау - кен жабдықтары, кендер мен минералдарды өндіру және байыту»  - Mining and Metals Central Asia 2021 көрмесі және 17-ші Қазақстандық халықаралық «Жол және Өнеркәсіптік құрылыс, Коммуналдық Техника»  - Kazcomak 2021 көрмесі.

Mining and Metals Central Asia көрмесіндегі негізгі әңгіме арқауы  - саланың өзекті мәселелерін шешудегі кешенді тәсілдерді талқылау, өндірістің өнімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында технологиялық міндеттерді қолдану болады. Биылғы жылы көрмелерге тау-кен өндіру және тау-кен өңдеу кешендеріне арналған жабдықтарды, технологиялар мен қызметтерді жетекші өндірушілер мен дистрибьюторлар қатысады: Alpha Safety, Distritech, Kazprom Avtomatika, Kulan Oil, thyssenkrupp Industrial Solutions Kazakhstan, БелКазКомплектСервис, КАМАЗ сауда компаниясы, Композит ҮЕҰ, Сандвик Майнинг энд Констракшн Қазақстан Лтд., Север Минералс, СПЕЦ-АВТО және басқалар.

Көрменің іскерлік бағдарламасының мазмұны келушілердің ерекше назарын аудартары анық. Дөңгелек үстелдер, презентациялар және тақырыптық семинарлар ТМК отандық және шетелдік ірі компаниялары мен салалық қауымдастықтар өкілдерінен тұратын аудиторияны жинайды.

Бірінші көрме күнін семинар ашады, оның барысында ORIENTAL инжиниринг компаниясының өкілдері түсті және қара металл концентраттарын, гидро-металлургия өндірістерінің кектерін сусыздандыру бойынша техникалық және технологиялық шешімдермен бөліседі.

Tech Garden «ИТП» дербес кластерлік қоры «Мемлекеттік қолдау құралдары есебінен ТМК Индустрия 4.0 элементтерін тиімді енгізу» атты жалпы тақырыбымен біріктірілген шеберлік-сабақтар сериясын дайындады. Сарапшылар сессия қатысушыларына жер қойнауын пайдаланушылар үшін ҒЗТКЖ-ға 1% аудару есебінен инновацияларды енгізу кезінде Tech Garden артықшылықтары туралы айтып береді, ТМК объектілерінде жасанды интеллектті қолданудың сәтті кейстерімен және өнеркәсіптік кәсіпорындарда Blockchain және Big Data технологияларын пайдалану тәжірибесімен бөліседі.  Tech Garden бас директорының орынбасары Қуат Мұсабеков өнеркәсіптік кәсіпорындар мен инновациялық компаниялар үшін Smart Industry Management Platform (SIMP) технологиялық платформасы ашатын мүмкіндіктерді түсіндіреді, ал даму жөніндегі директор Тимур Хасанов «Индустрия 4.0» Онлайн-академиясының іске қосылғаны туралы хабарлайды. Сессияға қатысу үшін  «Қазгеология» Ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ,  KAZ Minerals өкілдері және нарықтың басқа да қатысушылары тіркелді. Көрменің бірінші күнінің іскерлік  бағдарламасын  Mining and Metals Central Asia  тіркеу серіктесі – Sever Minerals компаниясының инвестициялық жобалардағы тәуекелдер туралы техникалық тұсаукесері аяқтайды.

30 қыркүйек күні өз семинарларын «НОРСЕРВИС», FLSMIDTH LLP, ELEMENT GROUP және Sever Minerals компаниялары өткізеді. Сөз сөйлеушілердің баяндама  тақырыптары  саланың алдында тұрған ағымдағы сын-тегеуріндерге толық негізделе отырып таңдалған. ТМК секторының мамандары «НОРСЕРВИС» компаниясының «Кен орындарын жерасты тәсілімен игеруге арналған Нормет жабдығы» тақырыбындағы семинарға қатыса алады. Әрине, соңғы сандық шешімдерді қолдану саланы одан әрі дамыту және кейінгі қайта құру векторы болып табылады. FLSMIDTH LLP компаниясының спикерлері ТМК-де технологиялық процестерді цифрландыруды енгізу және кен дайындау мәселелері туралы айтып береді. ELEMENT GROUP компаниясының өкілдері өз семинары аясында мәселенің баламалы техникалық шешімін іздеу кезінде қосалқы бөлшектерді қалай дұрыс таңдау керектігін айтады. Көше экспозициясындағы стенд аясында Sever Minerals тау-кен саласындағы практикалық кешенді шешімдерді ұсынады.

 Іс-шараны қазақстандық Iteca көрме компаниясы ұйымдастырады. Көрмелерге жыл сайын ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы, Алматы қаласының әкімдігі және қатысушы елдердің дипломатиялық миссиялары ресми қолдау көрсетеді. Тіркеу серіктесі - Sever Minerals компаниясы.

  • Биылғы жылғы қатысушылар тізімімен және іскерлік бағдарламамен оқиға сайтында танысуға болады:

   https://www.mining-metals.kz/

  • Ынтымақтастық мәселелері бойынша хабарласыңыз:

      Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

      Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 + 7 (727) 258-34-34

  • Көрмеге кіру билетін тек алдын ала онлайн-тіркелу арқылы ғана алуға болады:

 Mining and Metals Central Asia 2021 2021 – bit.ly/3yt3eBl

 Kazcomak 2021 https://bit.ly/3CgkBGH