ҰҢҒЫМА КОМБАЙНДАРЫ, КАРЬЕРЛІК БҰРҒЫЛАУ СТАНОКТАРЫ, ТИЕУ ЖӘНЕ БҰРҒЫЛАУ МАШИНАЛАРЫ
«Копей машина жасау зауыты» акционерлік қоғамы – Ресейдегі тау-кен-шахта жабдықтарын өндіретін ірі кәсіпорын. Қазіргі уақытта зауыт ұңғымалық комбайн кешендерін, ұңғымаларды тазарту комбайндарын, бұрғылау станоктарын, тиеу, бұрғылау және ағаш кесу машиналарын, шахталық пневматикалық доңғалақты өздігінен жүретін вагондарды, байыту жабдықтарын, конвейерлік көлікті, коммуналдық шаруашылық пен құрылысқа арналған аспалы топырақ кесу жабдықтарын шығарады.
Кәсіпорын өз клиенттеріне өнімнің сапасын үнемі жақсарта отырып, оның уақтылы жеткізілуіне кепілдік береді.
- тұз және калий кеніштеріне арналған үңгілеу-тазарту комбайндары және технологиялық машиналар;
- таспалы конвейерлер;
- сусымалы өнімдерді тиеу машиналары;
- тау-кен құралы;
- абразивті гидравликалық қоспалар мен химиялық белсенді сұйықтықтарды айдауға арналған сорғылар;
- тракторларға арналған аспалы топырақ кесу жабдығы (ор қазғыштар);
- тау-кен-шахта жабдықтарына арналған қосалқы бөлшектер.
Кәсіпорында тұтынушылар пайдаланатын техникаға сервистік қызмет көрсетуге ерекше назар аударылады. Қажет болған жағдайда зауыт мамандары жаңа жабдықты монтаждау және пайдалануға беру кезінде техникалық көмек көрсетеді, тау-кен машиналарының машинистері мен жөндеу қызметтерінің персоналын оқытуды жүргізеді.
БМ-215 бұрғылау машинасы.
Пайдалы қазбаларды ашық тәсілмен өндіру кезінде бұрғылау жұмыстарын жүргізу үшін.
Қозғалтқыш түрі - дизель.
Салмағы - 50 т.
Ұңғыманың диаметрі - 190-233 ММ.
Бұрғылау тереңдігі - 45 м.
Қазба жүргізгіш комбайн КП220.
Шахталарда көлденең және көлбеу тау-кен қазбаларын жүргізу үшін.
Кесу барабандарымен немесе бойлық осьтік тәжімен.
Жалпы қуаты эл.дв. – 371 кВт.
Салмағы – 80 т.
Ресейлік (ЭКГ) және шетелдік ауыр карьерлік экскаваторларға арналған шөміш тістері, шынжыр табанды буындар.
Өнімдер мен қызметтердің толық тізімімен компанияның ресми сайтында танысуға болады: www.kopemash.ru