«Жол және өнеркәсіптік құрылыс, коммуналдық техника» Қазақстандық халықаралық көрмесі

20-22 қыркүйек 2023

Алматы, Қазақстан

«Жол және өнеркәсіптік құрылыс, коммуналдық техника» Қазақстандық халықаралық көрмесі

20-22 қыркүйек 2023

Алматы, Қазақстан

РЕСМИ СӘЛЕМДЕСУ 2022

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Мен Kazcomak 2022 – «Жол және Өнеркәсіптік Құрылыс, Коммуналдық Техника» 18-ші Қазақстандық халықаралық көрмесінің қонақтарын, қатысушылары мен ұйымдастырушыларын шын жүректен қарсы алуға қуаныштымын.

Қазіргі уақытта республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдардың 10 мың шақырымы құрылыспен, реконструкциялаумен және жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Айта кету керек, құрылыс маусымына жобаларға 200 мың адам және 12 мыңнан астам жол-құрылыс техникасы тартылған. Бұл ретте жол құрылысындағы қазақстандық қамту 90 % - дан астамды құрады.

Kazcomak көрмесі отандық және шетелдік өндірушілер мен жеткізушілерге өздерінің зияткерлік және технологиялық әлеуетін көрсетуге, карьерлерді қазу, асфальт өндіру, өнеркәсіптік объектілер салу, жол және тұрғын үй-коммуналдық құрылыс, жол-жөндеу жұмыстары саласындағы жаңалықтарды көрсетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Көрменің барлық қатысушылары мен қонақтарына табысты және тиімді іскерлік белсенділік пен халықаралық ынтымақтастық саласындағы серіктестердің өзара қарым-қатынасын нығайтуды тілеймін!

Басқарма басшысы                          Г. МУРЗАХАНОВ